Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Теннис: Воскобоева Уимблдон турнирін аралас сында да сәтті бастады

2019 жылдың 5 шілде 2019 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева украиналық Денис Молчановпен бірге аралас сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық-украиналық жұп алғашқы кездесуін ресейлік Анастасия Павлюченкова мен аустриялық Юрген Мельцермен өткізді.

Воскобоева мен Молчанов бірінші сетте тай-брейкте басым түсті - 7:6 (8:6).

Екінші сетті қарсыластары 1:6 есебімен алғанымен, шешуші, үшінші партияда қазақстандық-украиналық жұп есесін жібермеді - 6:4.

Бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Воскобоева мен Молчанов екінші айналымда осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген америкалық Николь Меликар мен бразилиялық Бруно Соареспен шеберлік байқасады.

Ерлер арасындағы жұптық сында Михаил Кукушкин мен Александр Бублик екінші айналымда осы жарыстың 2-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан Себастьян Кабаль мен Роберт Фарахпен кортқа шықты.

Қазақстандық жұп кездесуді сәтті бастады - 6:4. Алайда қалған үш партияда колумбиялықтар 6:2, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп Кукушкин мен Бублик жұптық сында жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Г.Воскобоеваның әйелдер арасында жұптық сында жарысты сәтті бастағанын, ал М.Кукушкиннің турнирдің 9-ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер:
Жоғары қарай