Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Юлия Путинцева Острава турнирін жеңіспен бастады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 22:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Острава (Чехия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 49-ракеткасы Ю.Путинцева алғашқы кездесуін рейтингте өзінен бір-ақ саты жоғары тұрған қытайлық Чжан Шуаймен өткізді.

Бірінші сетте қытайлық спортшы әбжілдік танытты - 7:5.

Есесіне екінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (9:7).

Үшінші, шешуші сетте Путинцева брейк жасап, сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағат 25 минутқа созылды. Матч барысында Путинцева 2 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Эйс жасамаған қарсыласы да 7 брейкке (22 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің алтыншы, осы доданың 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кортқа шығады.

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын Острава жарысы 26 қыркүйекте аяқталады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда ресейлік Вера Кудерметовамен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open турнирінде Тимофей Скатовтың екінші айналымға шыққанын , ал Дмитрий Попконың өткен жылғы чемпионға жол бергенін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай