Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің ширек финалына өтті

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 01:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ұлыбританиялық Кэти Бултермен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда басымдылық көрсетті – 6:3.

Екінші сетте де Путинцева 2:0 есебімен алға кетті. Содан кейін есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры тағы бір брейкпен бітірді – 6:1.

1 сағат 12 минутқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы бір ғана брейкті қанағат тұтты.

Ю.Путинцева жүлде қоры 190 мың АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың жартылай финалына шығу үшін рейтингте 167-сатыдағы италиялық Лючия Бронцеттимен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 90-ракеткасы, америкалық Бернарда Пераны 2:6, 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін, Юлия Путинцеваның Словениядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Зарина Дияс Люксембург турнирінің екінші айналымына шықты

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай