Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Юлия Путинцева Страсбург турнирінің ширек финалына шықты

2021 жылдың 26 мамыр 2021 20:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Страсбург WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 53-ракеткасы, швейцариялық Жиль Белен Тайхманмен кездесті.

Бірінші партияда есеп 2:0 болғаннан кейін швейцариялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Ю.Путинцева жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен күш сынасады.

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 194-орында тұрған Дмитрий Попко Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шыға алмады. Ол әлемнің 128-ракеткасы, испаниялық Бернабе Миральес Сапатадан 5:7, 0:6 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Португалиядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай