Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Юлия Путинцева US Open турнирінде жеңіліп қалды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 23:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева US Open турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен дулығаның» биылғы қорытынды жарысын қазақстандықтардан бірінші болып әлемнің 33-інші, осы доданың 31-ракеткасы, 26 жастағы Ю.Путинцева бастады.

Ол алғашқы айналымда өзінен 10 жасқа үлкен, дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған тәжірибелі эстониялық Кайя Канепимен кездесті.

Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін алдымен Канепи брейк жасап, алға шықты. Дегенмен бұдан кейін қатарынан бес геймді алған Юлия есепті 6:2-ге жеткізді.

Екінші сетте де брейк жасаған эстониялық теннисші алға кетті – 2:1. Қазақстандық спортшы қайыра брейкпен таразы басын теңестірді – 2:2.

Есеп 4:4 болғанда Канепи тағы бір брейк жасай алды. Алайда ол сетке доп бергенде, Путинцева қайта теңестірді – 5:5. Тай-брейкте Канепи әбжілдік танытты – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда тағы да Канепи алға шықты – 3:1. Ақыры ол 2 сағат 20 минутқа созылған матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

К.Канепи екінші айналымда әлемнің 73-ракеткасы, канадалық Лейла Анни Фернандеспен шеберлік байқасады. Ол бастапқы кездесуінде рейтингте 88-сатыдағы хорватиялық Ана Конюхты 7:6 (7:3), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Бішкекте өткен турнирде чемпион атанғанын, Нью-Йоркта US Open турнирі басталатынын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай