Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Жібек Құламбаева Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанды

2021 жылдың 30 мамыр 2021 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкенттегі ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 578-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 1145-орында тұрған Беларусь өкілі Кристина Дмитрукпен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті бет қаратпады – 6:0.

Ж.Құламбаева бұдан бұрын Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жұптық сында да озық шыққан болатын. Сөйтіп ол турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Шымкент турнирінің финалына шыққанын, Ролан Гаррос турнирі басталатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады.






Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай