Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Теннистен Дэвис және Федерация кубогының финалы келесі жылға қалдырылды

2020 жылдың 29 маусым 2020 22:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис және Федерация кубогінің финалдық кезеңі 2021 жылға ауыстырылғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, ITF президенті Дэвид Хаггерти коронавирус қатеріне байланысты командалық жарыстардың келесі жылға шегерілгенін мәлімдеді.

Дэвис кубогының финалы биыл 22-29 қарашада Мадридте өтуі керек еді. Енді ол 2021 жылы 22-28 қарашада Мадридте өтетін болды. Жарысқа биылғы финалға жолдама алған 18 команда қатысады.

Мадридке Қазақстан ерлер құрамасы да барады. Олардың болашақ қарсыластары Швеция мен Канада теннисшілері болмақ.

Сол секілді Федерация кубогының финалдық кезеңі алдағы жылы 13-18 сәуірде Будапеште өтетін болды. Бұған да қазақстандық құраманың қатысуға мүмкіндігі бар. Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф матчын 2021 жылғы 5-6 ақпан күндері Аргентина теннисшілерімен өткізеді.

Биыл коронавирус қатеріне байланысты ATP мен WTA-ның барлық жарыстары кейінге қалдырылған болатын. Бұл додалар тамызда ғана жалғасуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ-тағы турнирде бір күнде үш жеңіске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.





Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай