Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тергеу құжаттарын қолдан жасаған қостанайлық полицейлер қамалды

2020 жылдың 22 мамыр 2020 16:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сотқа дейінгі тергеу құжаттарында жалған дәлелдер пайдаланған Қостанай облысының тәртіп сақшылары қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедычтың мәліметінше, Алтынсарин ауданында полиция бөлімінің жедел уәкілдері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған құжат жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

«Олар полиция бөліміндегі ұрлықтарды ашу бөлімшесінің жұмыс нәтижесін асыра көрсету мақсатында сотқа дейінгі тергеу құжаттарында жалған дәлелдер пайдаланған. Күдіктілер 13 мамыр күні ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді Е.Бедыч.


Жоғары қарай