Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тимур Мұратов: Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қиын

2021 жылдың 22 шілде 2021 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал былтыр жаздағы үрейлі кезеңнен де күрделі қалыпқа жеткен. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдіктің онлайн брифингінде осылай айтып, халықты вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елордада 320 мыңнан астам адам вакцинаның бір компонентін алды. 206 мыңнан астам азамат толықтай иммунизацияланды. Халықты вакцинамен қамту үшін біз медициналық ұйымдардағы егу пунктерінің санын 3 есе көбейттік. Олардың жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда таңғы 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды», - деген басқарма басшысы халықты вакцинациямен толық қамту үшін Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, СарыАрқа, Евразия, Мечта дүкені сияқты сауда-ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істеп тұрғанын еске салды.

«Осы уақыт аралығында сауда және ойын-сауық орталығында барлығы 50 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Құрметті азаматтар! Өкінішке қарай, алып отырған эпидемиологиялық жағдай қорқынышты десек қателеспеспіз. Өткен жылдың жазымен салыстырғанда, одан да күрделі. Қарапайым профилактикалық талаптарды сақтасақ, қоғамдық жерлерге көп барудан бас тартсақ жағдай түзілер, алайда оны әркім түсіне бермейді. Бір жарым жылдың ішінде вируспен күресіп келеміз. Барлық жасап жатқан шаралар халық денсаулығы үшін. Эпидемиологиялық ахуал оң шешімін алу үшін халық вакцинациялау қажет. Тек бірлікте иммундық жүйе қалыптасады, осыны жадымызға сақтап алғанымыз жөн», - деді Тимур Мұратов.


Жоғары қарай