Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ТМД елдерінде ақпараттық қылмыстарымен күрестің тәртіптері жетілдірілді

2019 жылдың 21 қараша 2019 10:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісімге 2018 жылы қыркүйекте Душанбе қаласында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан елдері қол қойды.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, келісімді тек Өзбекстан мен Беларусь ратификациялады, қалған елдер мемлекет ішіндегі рәсімдерді жүргізуде. Келісімді ТМД елдері аумағында жасалатын қылмыстардың және ІТ саласындағы терминологиялардың ортақ түсінігі қамтамасыз етіледі.

Заң жобасының негізгі мақсаты – уағдаласушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Сонымен қатар, құжат аясында өзара ынтымақтастық жасайтын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары анықталатын болады.

«Бірлескен іс-шаралар мен операцияларды жүргізу, кадрларды даярлау және оқыту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен алмасу бойынша ынтымақтастықтың бағыттары көзделеді. Заң қабылданғаннан кейін оның орындалуына жауапты құзыретті органдардың тізбесін белгілейтін Үкімет қаулысы әзірленеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, оларға Бас Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қаржы министрлігінің экономикалық тергеу қызметі жатады. Қажет болғанда мемлекеттер өзара іс-қимыл тәртібін қосымша анықтайды», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Жоғары қарай