Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ТМД елдерінің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесі өтті

2020 жылдың 29 қазан 2020 09:10

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық Кеңесінің 32-отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның ӨзА ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Онлайн режимде ұйымдастырылған кеңеске Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Молдова және Арменияның Денсаулық сақтау министрлері мен ресми өкілдері, сондай-ақ ТМД атқарушы комитетінің мамандары, ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының басшысы қатысты.

Жиында сарапшылар коронавируспен күрес шаралары, санитария саласындағы түйткілдер, қант диабеті дертін емдеу және оның алдын-алу мәселелерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша, кеңеске мүше елдер өзара «COVID-19» күресте ортақ шаралар қабылдау, ғылыми тәжірибелер, дәрі-дәрмек және вакцина жасау ісінде ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты. Сондай-ақ, қатысушылар онкологиялық науқастарды емдеу саласындағы бірлескен іс-қимыл стратегиясын орындау басамасына қолдау білдірді.

Еске сала кетейік, биыл ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық Кеңесінің барлық отырыстары Өзбекстан Республикасының төрағалығымен өтеді.



Автор Әлихан Асқар
Басты сөздер: Медицина, ТМД, Орталық Азия,
Жоғары қарай