Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Тобыл» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

2022 жылдың 20 мамыр 2022 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербиялық маман Милан Миланович қостанайлық «Тобыл» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Милан Миланович 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Футболшылық мансабында Сербияның «Чукарички», Германияның «Аугсбург» клубтарында доп тепкен.

Ол бапкерлік мансабын 90-шы жылдардың ортасында бастады, Алдымен Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. Ал 2009 жылы Босния және Герцеговинаның «Лакташи» клубын басқарса, 2012 жылы «Шерифте» бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бері «Хайдук» (Хорватия) және Сербияның «Нови-Пазар», ОФК, «Раднички» және «Рада» сияқты серб командаларында жұмыс істеді.

2019 жылы қазақстандық «Ертіс» командасында бас бапкер болды.

2021 жылы Арменияның «Алашкерт» командасымен келісім-шарт жасасты.

Милан Милановичтің қостанайлық «Тобыл» командасымен келісім-шарт мерзімі осы жылдың соңына дейін жасалған.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобыл» командасының бас бапкері болған Александр Москаленко өз еркімен қызметінен кеткен еді.


Жоғары қарай