Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Тоғыз адам Сальвадордағы сұрапыл дауылдың құрбаны болды

2020 жылдың 1 маусым 2020 04:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сальвадор аумағын жайпап өткен «Аманда» дауылы кем дегенде тоғыз адамның өмірін қиып кетті. Бұл туралы жексенбіде жергілікті ІІМ басшысы Марио Дуран мәлімдеді, деп хабарлайды EFE агенттігі.

«Қаза тапқандар санын есептеу жалғасуда. Тек әзірге тоғыз адамның қаза тапқаны ғана белгілі», - деді ол.

Сондай ақ министр, елдің бірқатар аудандарында электр жарығын берудің қиындағандығын айтты.

Бұдан бұрын Сальвадор президенті Найиб Букеле елде дауылға байланысты 15 күн мерзімге төтенше жағдай енгізілгенін хабарлаған болатын.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай