Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтеді

2020 жылдың 3 сәуір 2020 22:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы елдегі карантинге байланысты және Мәдениет және спорт министрлігінің «Бірге еңсереміз» атты жобасы аясында тоғызқұмалақтан Қазақстанның ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық құрама командалары арасында онлайн жүйеде жолдастық кездесуді өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдастық кездесуге ерлер құрама командасынан - Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы); Нұрбек Қабиев (2 дүркін Әлем чемпионы, Азия чемпионы); Жанат Қаймолдин (Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы); Бексұлтан Бостандықов (Әлем чемпионатының жүлдегері, ашық Азия Кубогының жеңімпазы); Азамат Қайдаров (ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионы) қатысады.




Жолдастық кездесуге әйелдер құрама командасынан - Салтанат Сапарбекова (Әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері); Гүлжанат Алдабергенова (Әлем чемпионы, Азия чемпионы); Роза Раимбекова (Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы); Ализа Ерниязова (Әлем чемпионатының жүлдегері), Құндыз Есіркеп (ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионы) қатысады.




Ойындарды 2020 жылғы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы әр сенбі күні сағат 16:00-17:00-де iggamecenter.com сайтынан және тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Бас жаттықтырушы - Серік Ақтаевтың Instagram-дағы @aktayevserik парақшасынан тікелей эфирде көруге болады. Ойындарды 2020 жылғы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы әр сенбі күні








Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай