Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталығын құруды тапсырды

2021 жылдың 22 сәуір 2021 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құрылады. Мұндай тапсырманы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын сауатты ретке келтіру - жеке мәселе. Осыған орай Үкімет пен әкімдерге қауырт сағат кезінде және демалыс күндері автобустарға арналған арнаулы жолақ пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын. Мұндай тәжірибе Мәскеу, Ыстанбұл және Париж қалаларында таралған», - деді Қасым-ЖомартТоқаев.

Мемлекет басшысы қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталығын құру қажеттігіне де тоқталды.

«Орталық міндетіне осы саладағы өкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, сонымен қатар азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау кіреді. Айталық, жол белгілерінің жоқтығы, жұмыс істемей тұрған бағдаршам сынды мәселелерге қатысты. Үкімет өңір әкімдерімен бірлесіп, өңірлерде мұндай орталықтар құру бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай