Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тоқаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысып, Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоғын қойды

2020 жылдың 24 маусым 2020 15:38

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Мәскеуде жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімет таратты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды» деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери шеру өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.















Жоғары қарай