Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тоқаев мемқызметшілердің бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аудару бастамасын сынады

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 14:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қаржы аударып үлгерген бизнес өкілдеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік іс-әрекетін сынаушылар барлық уақытта көп болды және бола да береді. Мұнан ары не істеу керектігін бірлесіп анықтайық және бірге реформа жасауды бастаймыз. Сөзден іске көшетін кез келді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында.

ҚР Президенті үндеуіне ден қойып, «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударып үлгерген бизнес өкілдеріне ризашылығын білдіріп өтті.

«Осынау игілікті іс - ең жоғары бағаға лайық. Бірақ, бұл жерде формализм мүлдем болмауы тиіс. Әйтпесе, мемлекеттік қызметшілерден, бюджет қызметкерлерінен бір күндік жалақы жинай бастады. Мұны жасаудың қажеті жоқ. Бұл - мүлдем қажетсіз бастама. Тағы да қайталап айтамын, бұл бюджеттік қор емес. Бұл - Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысы ұзаққа созылатын бюрократиялық процедурасыз болуы тиіс. Бұл жұмыс мүлдем ашық болады. Барлық ірі компания жыл сайын қорға салық салынатын кірісінің пайызын аударып отырады. Қор пайдалы қайырымдылық іспен айналысады. Бизнес қоғамдастық бұл бастаманы шынайы қолдайды деп үміттенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай