Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы ХОК шешімін қолдады

2020 жылдың 25 наурыз 2020 20:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін толық қолдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жапония премьер-министрі С.Абэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімін толық қолдаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарының мән-маңызын қайта қарау қажет. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Балаларға қолжетімді бұқаралық спортқа мойын бұрған жөн», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.


Жоғары қарай