Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Тоқаев: Өзін-өзі ақтамайтын жоба мемлекетке масыл болады

2019 жылдың 15 шілде 2019 13:04 275

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жеңіл рельсті көлік құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық үшін ыңғайлы, түсінікті және қолайлы көлік түрін құрудың орнына көліктің қымбат түрі, яғни LRT ұсынылған. Менің түсінуімше, мамандардың, сәулет қоғамдастығының пікірі ескерілмеген. Әкімдіктің хабарлауынша, жолаушылардың болжанған ағыны тәулігіне 146 мың адамды құрайды. Қазіргі кезде ұқсас бағдарда, әуежайдан жаңа вокзалға дейін жолаушылар ағыны 2 мың адамды ғана құрап отыр. Осылайша, жолашылар ағынын қалайша 70 есеге арттырмақсыздар? Бұл маған түсініксіз болып тұр», - деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы өзін-өзі ақтамайтын жоба мемлекетке масыл болатынын атап өтті.

«Құрылыс бойынша жіберліген шығындар мен халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, бұл жоба тоқтатуға келмейді. Алайда, оның салдарын түсіну керек. Үкімет әкімдіктермен бірлесе аталған мәселеге нүкте қойып, нақты ұсыныстар енгізуін тапсырамын. Осындай жобаны ұсынған жауапты адамдар бақылаушы органдардың сұрақтарына жауап беруі тиіс. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша Парламент депутаттары пікір білдіруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан LRT -ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, биыл көктемде Әлихан Смайылов елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, кейін LRT құрылысының қашан нақты аяқталатыны белгілі болды. Сондай-ақ, ҚР Президенті бүгін өткен Үкімет отырысында LRT құрылысына нүкте қоюды тапсырды.





Жоғары қарай