Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тоқаев пен Ердоған 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың жоспарын белгіледі

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты жоспарын белгіледі.



Жоғары қарай