Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесуі жайлы: Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудың өзектілігін ерекше атап өттік

2021 жылдың 20 мамыр 2021 20:29

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргіздім. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға уағдаластық. Келешектегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындадық. Келіссөзде Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудың, өңірлік диалогты, атап айтқанда, бес мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі деңгейінде дамытудың өзектілігін ерекше атап өттік. Сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨЫСШК аясындағы ықпалдастықты талқыладық» делінген хабарламада.






Жоғары қарай