Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жаңа тәсілдерін құруды тапсырды

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 15:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жаңа заманауи тәсілдерін құруы қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елге инвестиция тартудың тағы бір бағыты мемлекеттік-жекешелік серіктестікті қайта ретке келтіру болуы тиіс. Бүгінде бұл құрал шын мәнінде мемлекеттік сатып алулар процендурасын айналып өтуідің құралына айналған. Бюджетке барлық кәсіпкерлік тәуекел аударылады. Жоғары жеңілдіктер мен жоғары шектеулер негізсіз ұсынылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, міндеттемелер, тәуекелдер мен кірістер бастамашылар мен мемлекет арасында теңгерімді бөлінуі тиіс.

«Үкіметке мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жаңа заманауи тәсілдерін құру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай