Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Елдос Сметов финалға шыға алмады

2021 жылдың 24 шілде 2021 15:32

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапон елінде жазғы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда ол татами иесі, Рио Олимпиадасының «қола» жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы жапониялық Наохиса Такатомен белдесті.

Тартысты өткен сайыста қарсыласы Елдос Сметовті қосымша уақытта жарыс жолынан шығарды.

Жапон спортшысы Елдосқа дейін әуелі Еуропа чеммпионатының жүлдегері бельгиялық Йорре Ферстрэтенді, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиді жеңген болатын.

Ал Елдос Сметов қола медаль үшін болатын белдесуде Нидерланд дзюдошысы Торнике Тшакадуаның осал жерін табуға тырысатын болады.

Жоғары қарай