Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына ене алмады

2021 жылдың 24 шілде 2021 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Велошабандоздар додасында Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен.

Күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут, қоланы словениялық Тадей Погачар иеленді.

Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижесін Алексей Луценко тіркеді. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орынды қанағат тұтты.

Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды.


Басты сөздер: Жапония, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай