Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуанына есе жіберді

2021 жылдың 1 тамыз 2021 09:21

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы кездесуде қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 60 келіде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен шеберлік байқасты. Қарсыласы да осал емес. 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал Мейрамбек 2017 және 2019 жылдарда әлем чемпионатында екі медаль алып қайтқан болатын.

Бүгінгі белдесуде қырғыз балуаны мықтылығын танытты. Ол Мейрамбектен 8:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Олимпиадада енді грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келі) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, бүгін бокстан Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шаршы алаңға шығады.

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай