Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасы: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

2021 жылдың 31 шілде 2021 13:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады.

Жарыстың алғашқы күнінде Токио боз кілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады.

Olympic.kz қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластарын ұсынады.

Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнақұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.
Мейрамбек Айнақұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады.


Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай