Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасы: Владислав Яковлев академиялық есуден жарыс жолын аяқтады

2021 жылдың 30 шілде 2021 09:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода D финалында ерлер арасындағы академиялық есу бойынша финалдық жүзу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Бағдарламаның бұл түрінде Қазақстанның атынан Владислав Яковлев шықты.

Жүзу қорытындысы бойынша қазақстандық 7:03:37 уақытты көрсетіп, бірінші орынға жайғасты. Осылайша, финалдық хаттамада қазақстандық 19-шы болды.

Еске сала кетейік, D тобындағы атлеттер 19-24 орындар үшін ойнады.



Фото: НОК Казахстана, Женис Ыскабай/Владислав Семенов

Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай