Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасына баратын ресми тұлғалардың саны 10-15 пайызға қысқартылмақ

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 08:21

ТОКИО. Киодо-ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар шығындарды азайту бойынша ұсыныстар пакетінің аясында ресми тұлғалардың санын 10-15 пайызға қысқартуға ниетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ойындар наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған. Енді оны ұйымдастырушылар да, Халықаралық Олимпиада комитеті де бұрын болып көрмеген бір жылдық кешігуге байланысты оны қосымша шығындардан жеңілдетуді көздеп отыр.

Атап айтқанда, ұйымдастыру комитеті нысандарды жарықтандыру мен қосымша қуат көздерінің санын азайтатын инфрақұрылым реформаларын ұсынды. Ойындарды жеңілдету шараларының аясында 52 пункт қарастырылып отыр.

Қайта қарау жоспары бойынша Олимпиаданың салтанатты ашылуы мен жабылуы рәсіміне адамдарды шақыру саны 20 пайызға қысқартылмақ, сондай-ақ ондағы тамақ пен сусынның мәзірі де қайта қарастырылады. Енді бұл Олимпиадаға қатысатын ресми тұлғалар және олармен байланысты топтарға қоғамдық көлікпен жүруіне тура келеді.

121 күндік эстафетаның ұзақтығы өзгермегенімен, оның штаттық кестесі мен қызметтік көліктерді пайдалану қысқартылады.

Фото: cbssports.com
Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай