Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасына іріктеу: Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 23:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командасы арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.

«В» тобында сынға түскен қазақстандықтар тұсаукесер матчты Грекия құрамасына қарсы өткізген болатын. Аталған матчта қазақстандықтар 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді.

Біздің құрама сапынан Анастасия Еремина, Дарья Рога, Айжан Ақылбаева, Виктория Хританковалар мергендігімен көзге түсті. Қазақстан командасы келесі ойынды Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.

Кездесу ертеңге жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасына таласатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай