Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасында алтын медальді екі спортшы бөлісті

2021 жылдың 2 тамыз 2021 15:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасында жеңіл атлетикада алтын медальді екі спортшы бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Олимпиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.

1912 жылдан бері алғаш рет Олимпиадада жеңіл атлетикада алтын жүүлдені екі спортшы қатар алды. Тарихи оқиға ерлер арасында биікке секіруде болды.

Италиялық Джанмарко Тамбери мен катарлық Эсса Баршим 2,37 метр биікке секіріп, бірдей нәтиже көрсетті.

Ақылдасқан төрешілер тең жағдай деп жариялап, екеуін де Олимпиада ойындарының чемпиондары деп атау жөнінде шешім қабылдады.


Басты сөздер: Әлем, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай