Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токиода Олимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталды

2021 жылдың 21 шілде 2021 09:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды. Софтболдан Жапония әйелдер командасы Австралияны айқын басымдықпен жеңді деп жазады Olympic.kz.

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командсы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де басталады.

Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда, спорттық жарыстар ашылу салтанатынан бұрын басталып кетеді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріндегі спортшыларға тікелей қатысты.


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай