Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлеби аудандық ауруханасына 10 дана оттегі концентраторы жеткізілді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 13:32

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби аудандық ауруханасы 10 дана оттегі концентраторымен толықты. «A+A Idea Fabric» компаниясының басшысы Айнұр Көпбасарованың демеушілігімен алынған тыныс алу аппараттары аурухана басшылығына табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталықтарындағы емдеу мекемелерін медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне түрлі қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер де атсалысуда. «A+A Idea Fabric» компаниясы да осындай игі істен шет қалмай, аудандық ауруханадағы науқастардың ертерек жазылып кетуіне қолғабыс етті.

Қайырымды істің жүзеге асуына ұйытқы болған жандардың бірі журналист, қоғам белсендісі Асхат Садырбайдың айтуынша, бұл қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады. Осы орайда аудандық аурухана ұжымы ізгілікті іс жасаған қолдаушылар мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.











Жоғары қарай