Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлеби ауданында Абай аллеясы салынып жатыр

2020 жылдың 8 тамыз 2020 16:06

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында Абайдың 175 жылдығына орай Абай аллеясының құрылысы жүргізілуде. Жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аллеяда ұлы ақынның еңселі ескерткіші орнатылатын болады. Демеушілер қолдауымен бой көтеретін мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 2 метрді құрайды. Жобаның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Шұғыла-2002» ЖШС-гі жүргізуде.





Айта кетерлігі, мұнда балалар үшін ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар орнату жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, саябақты көгалдандыру да қолға алынбақ. Өз кезегінде аллея тұрғындардың тынығуына, дене шынықтыруы мен серуендеуіне қолайлы жағдай туғызатын болады.









Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: #Аbai175, Құрылыс,
Жоғары қарай