Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлеби ауданында мектептердің жылыту маусымына дайындығы пысықталды

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 22:36

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында мектептердің жылыту маусымына дайындығын талқыланған жиын өтті.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті дербес бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ақерке Еркінбекова сөз алып, аудан аумағында орналасқан мектептердегі ауызсу жүйесінің жағдайын баяндады. Сыныптардағы жиһаздар мен жарықшамдардың нормаға сай келуі және спорт алаңшаларының қоршауларына қатысты мәселелерді айтып, бірқатар ұсынысын жеткізді.

Жиын барысында Бауыржан Омарбеков айтылған мәселелерді назарға алып, мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бойынша мектеп директорларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, мектептердегі, балабақшадағы қауіпсіздікті, келеңсіз жағдайларды алдын-алу шараларын жасауда қала, ауылдық округ әкімдері тікелей жауапты екенін атап өтті.

Айта кетейік, өткен оқу жылында ауданда 67 мектеп бар болса, онда 25 900-ден астам оқушы білім алды. Жаңа оқу жылында жаңа мектептер салынып, білім ұяларының қатары толықты. Бірқатарының құрылысы әлі де жүргізіліп жатыр.

Жоғары қарай