Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлебилік науқасқа күрделі лапароскопиялық ота жасалды

2020 жылдың 21 қазан 2020 22:29

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Төлеби ауданындағы орталық ауруханада алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды. Облыстық клиникалық аурухананың хирург мамандарымен бірлесе жасалған ота кезінде екі науқастың өт қабы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, шалғай аудан тұрғындары бұған дейін облыстық клиникалық ауруханаға жолданатын. Емдеу мекемесіне биылғы жылы арнайы медициналық құрал-жабдық алынып, тұрғындар сапалы емді аудан ауруханасынан қабылдайтын болған.

Аталған аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қарлығаш Омарованың айтуынша, бұл тәсілмен бүйрек пен бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарлануда. Дәрігерлер осы мақсатта біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда ота бөлімінде орта және кіші буын қызметкерлерін қоса алғанда 26 медицина қызметкері жұмыс істейді. Биылғы жылдың өзінде мұнда 400-ге жуық ота жасалған. Бөлімшеде өт қалтасындағы тасты алу, жарыққа және кеуде мен асқазанды емдеуге арналған ота түрлері жасалып келеді.





Жоғары қарай