Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлеген Абдуллин Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Төлеген Абдуллин 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, «Қаржы академиясы» АҚ тәмамдаған.

Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері лауазымынан бастады.

2005-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК Павлодар филиалында түрлі лауазымдарды атқарған.

2011-2014 жылдары — «Қазақавтожол» РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры.

2014-2019 жылдары Астана қаласында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін — Көкшетау қаласы, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының м. а., директоры.

2019-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.


Жоғары қарай