Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлеутай Рахымбеков: Жер шетелдік азаматтарға сатылмауы әрі жалға берілмеуі тиіс

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жер мәселесіне қатысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбековке «Біздің қоғамды көптен бері алаңдатып жүрген мәселе бар. Ол - жер мәселесі. Жалпы, «Ауыл» партиясының жер мәселесіне қатысты ұстанымы қандай?» деген сауал қойылған еді.

«Бұл, шынымен де, көптен бері бүкіл халықты, әр азаматты алаңдатып отырған мәселе. Бұл проблема 1992 жылдан бастап қоғамға белігі болды. Содан бері әртүрлі пікір, қөзқарас бар. Біреулер жерді сату керек десе, енді бірі сатпау керектігін айтады. Ал «Ауыл» партиясының ұстанымы - жер шетелдік азаматтарға сатылмауы әрі жалға берілмеуі тиіс», - деді Төлеутай Рахымбеков.

Осы ретте ол: «Жердің өзі бүгінгі күні өмір сүріп жатқан біздерге ата-бабамыздан аманат ретінде қалып отыр. Соны біле отырып жерімізді шетелдіктерге қалай сатамыз, қалай жалға береміз? Ата-бабамыз сойылмен, шоқпармен жүріп қанын төккен жерді біреуге сатуға, тіпті жалға беруге ешқандай құқымыз жоқ», - деді.


Жоғары қарай