Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Толық жиынтық: Милад Карими әлем кубогінде 3-медаль жеңіп алды

2021 жылдың 14 маусым 2021 00:32

ОСИЕК. ҚазАқпарат - Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық Милад Карими қол тіреп секіруден қола жүлдегер атанды. Ол украиналық Игорь Радивилов пен түркиялық Әділ Әсемге есе жіберіп, үздік үштікке енді.

Айта кетейік, Хорватиядағы турнирде Милад Карими қоссырықтан – екінші, еркін жаттығудан бірінші орын иелен болатын. Ал гимнастикалық кермедегі жаттығуда оған төртінші орын бұйырды.

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай