Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

ТОП-5: Қазақстан 2020 жылы баруға тиісті елдердің  қатарына енді

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 01:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық «Backpacker» қоғамы тәуелсіз және белсенді саяхатты ұнататындар үшін 2020 жылы сапар шегуге тиісті елдердің рейтингісін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

«Аталған қоғамның рейтингісіне сәйкес әлемнің түкпір-түкпірінен «adventure tourism» саласының сарапшылары дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан «must visit» елдердің арасында 5-ші орынға жайғасты. Кең дала, биік таулар мен шөлдер елі деп танылған Қазақстан - Орталық Азияның асыл маржаны» делінген рейтинг сипаттамасында. Рейтинг авторлары Қазақстанда туризм саласын дамытудың жаңа деңгейіне жету үшін бэкпэкерлерге қызықты Үстірт, Бозжыра, Алтай тауы аймақтарын дамытуда қосымша күш салуға кеңес берді», - деп хабарлайды ұлттық компания.

Хабарламада айтылғандай, британдық «Backpacker» қоғамы біздің елден бөлек, саяхаттауға Өзбекстан, Босния мен Герцеговина, Ресей, Эфиопия және Әзербайжан елін ұсынады.

«Рейтингіге ілінген елдердің тізімі жуық арада жарық көріп, онда үздік төрттіке енген елдер туралы мәліметті толық білуге мүмкіндік тумақ. Соңғы деректерге сәйкес, adventure tourism жастар арасында кеңінен дамып, аса танымалдыққа ие болып келеді. Мұндай саяхаттау әлем астаналарын аралауды қол жетімді етіп, жиһангездерге зерттелмеген бағыттарды ашып, бірегей тәжірибе жинақтауға себеп болады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, аталған рейтинг 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді, ал ұйымдастырушы қоғам оқиғалы-шытырман туризмді дамытуға жағдай жасау мақсатында 2009 жылы құрылған.

Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Туризм,
Жоғары қарай