Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Төрт айдан кейін тенниске қайта оралдым – Зарина Дияс

2022 жылдың 19 мамыр 2022 16:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Зарина Дияс төрт ай үзілістен кейін спортқа оралғанын мәлім етті. Ол өзінің кортта қайта өнер көрсете алатынына бақытты екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулығымдағы кінәраттан арылып, теннис кортына қайта шығуым – мен үшін кішкентай болса да жеңіс. Алдағы уақытта жұмыс көп. Ұдайы жаттығудан кейін жуырда өзімнің үздік қалпыма келемін деп ойлаймын. Осы кезде қолдау білдіріп, жылы сөз айтқан жанкүйерлерімнің бәріне алғысымды айтамын. Бұл спорттық жолымдағы қиындау кезеңде маған қанат бітірді», - деді Зарина Дияс.

Биыл 29 жасқа толатын Зарина Дияс жыл басындағы Аустралия ашық чемпионатынан кейін жарақат алып қалып, төрт айдай ойнаған жоқ. Бірнеше күн бұрын қазақстандық теннисші Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында қарсыласына жол берді.

2015 жылы дүниежүзілік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген З. Дияс қазіргі кезде 131-сатыда тұр. 2017 жылы Токио жарысының жеңімпазы атанған Заринаға үздік жүздікке оралу үшін алдағы додаларда сәтті өнер көрсетуі керек-ақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Шымкент турнирінің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Теннис,
Жоғары қарай