Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төтенше жағдай кезінде кейбір кәсіпорындар қорғаныс құралдарын шығару ісіне көшті – ҚР ИИДМ

2020 жылдың 2 маусым 2020 11:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанның бірқатар компаниясы қорғаныс құралдарын өндіруге көмектесті. Бұл турпалы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жыл барлығымыз үшін сынаққа айналды. Короновирус пандемиясы өмірімізге өзгеріс әкелді. Төтенше жағдай кезінде көптеген компаниялардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қайта қарауға тура келді. Қорғау құралдарына ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында кейбір өңдеуші өнеркәсіп салаларының қызметі қайта бағдарланды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Министрдің айтуынша, этил спиртін өндірушілер дезинфекциялау құралдарын өндіруге кқшті, соның арқасында бір тәулікте 170 мың литрге дейін дезинфекциялау құралы өндірілген.

«Тігінмен айналысатын кәсіпорындар медициналық маска өндірісін жолға қойып, оның көлемін тәулігіне 200 мың данадан 1 млн данаға дейін, яғни 5 есеге ұлғайтты. Сондай-ақ, біз тұрмыстық химия, үйге арналған тазалау және жуу құралдарын шығара бастадық», - деді Б. Атамқұлов.

Спикер экономикалық өсімді қалпына келтіру мақсатында Үкіметің 2020 жылдың соңына дейін кешенді жоспар қабылдағанын еске салды. Онда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау үшін бірқатар шаралар көзделген.


Жоғары қарай