Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төтенше жағдай министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

2020 жылдың 23 қазан 2020 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдай министрлігі автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өйткені күз мезгілінде жол-көлік оқиғалары қаупі жиілейді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел болады. Сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашын болған жағдайда жол бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы дөңгелектердің тежелу қабілеті нашарлап, жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін.

«Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа-райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа-райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дауылды ескертулер кезінде ұзақ сапарларға шықпағандарыңыз абзал», - деп ескертті министрлік.


Жоғары қарай