Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Төтенше жағдай режимін бұзғандар қандай жауапкершілікке тартылады

2022 жылдың 6 қаңтар 2022 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас Прокуратурасы төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапкершілік арқалайтынын ескертті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Төтенше жағдай туралы заңға сәйкес, коменданттық сағат талаптарына бой ұсынбағандар қамауға алынады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қызметтер режимді бұзушылардың өздеріне де, көліктеріне де тінту жүргізе алады. Төтенше жағдай кезінде полиция жұмысына кедергі келтіру, әскери мүлікті қасақана жою және зақымдау әрекеттері үшін бас бостандығынан айрыу жазасы тағайындалады», - делінген Бас прокрокуратураның мәлімдемесінде.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілдерінің талабы мен нұсқауларына бағынбау 2жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал Төтенше жағдай режимі кезінде көрінеу жалған ақпарат бергендер 3-тен 7 жылға бас бостандығынан айырылады

Төтенше жағдай режимі кезінде қаруды, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын, әскери техника және өзге де мүлікті қасақана жою және зақымдау әрекетін жасағандар 10-нан 12 жылға дейін бас бостандығына айрылыуы мүмкін.

Төтенше жағдай режимі кезінде құқықтық тәртіпті бұзу әрекеттері 15-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынады.


Жоғары қарай