Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төтенше жағдайлар министрі улы газдан қаза табу оқиғаларына пікір білдірді

2021 жылдың 2 наурыз 2021 12:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин улы газдан қаза табу оқиғаларына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің министрлік атынан және өз атымнан Түркістан облысында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Өкінішке қарай мұндай жағдайлар аз емес. Кеше ғана Маңғыстау облысында екі адам газ баллон жабдығындағы улы газдан уланып, қаза тапты. Түркістан облысында газ жабдығын пайдаланған жас жігіт қайтыс болды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске сала кетсек, 17 ақпанда Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған.

Тексеру барысында 3 бөлмелі үйде камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғаны және оған гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты жел пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп, улы газ бөлме ішіне таралған.

Министрлік деректеріне сәйкес, 2020 жылы өрт шықпай табиғи газбен улану салдарынан 22 адам, газ баллон қондырғыларының жарылысынан 11 адам қайтыс болды, газ баллон қондырғыларының 32 жарылысы тіркелді.

Бұдан басқа, мамандар автономды жылыту жүйелері бар 2 млн жуық тұрғын үйді аралады, 4 млн астам азаматқа нұсқау берілген. Әкімдіктермен бірлесіп, автономды жылыту жүйесі бар үйлерге датчиктер орнату практикасы жалғасып келеді, барлығы 118 мыңнан астам датчик орнатылған.


Жоғары қарай