Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Тойға дайындық: Шымкентте саябақта серуендеген жас жұбайлар видеоға түсіп қалды

2020 жылдың 27 мамыр 2020 01:26

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дендросаябақта серуендеген жас жұбайлар қаладағы карантин режимін бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қыметкерлері А.Асқаров атындағы дендросаябақ алдында серуендеп жүрген жастардың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді.

Олар өз әрекетін тойдың алдындағы дайындық деп түсіндірген. Жастар арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген. Сондай-ақ, тойды карантин режимі аяқталғаннан кейін өткізуді жоспарлаған.

Алайда маскасыз жүріп, карантин режимін бұғаны үшін полиция қызметкерлері ол азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, түсініктеме алды.

Оларға қатысты шара қабылдау үшін жинақталған әкімшілік іс құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жолданады.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер:
Жоғары қарай