Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Трамптың Twitter-дегі жазбалары жұмысымызға кедергі – АҚШ бас прокуроры

2020 жылдың 14 ақпан 2020 14:56

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бас прокуроры және Әділет министрі Уильям Барр президент Дональд Трамптың Twitter-дегі жазбалары Әділет министрлігінің жұмысына кедергі келтіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС News телеарнасына сілтеме жасап.

Ол президенттен қылмыстық істер туралы твит жазып, сол істерге байланысты ресми мәлімдеме жасауды доғаруын сұрады.

Бас прокурордың айтуынша, Д.Трамптың президенттің бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоунның ісіне қатысты жазбалары министрлік жұмысын қиындатуда.

«Трамп жеке өзіме бұл іс бойынша ештеңе айтпады. Ал оның министрлік, ведомство қызметкерлері, судьялар туралы жазбалары бізге кедергі жасайды. Қылмыстық істер туралы твит жазуды доғаратын уақыт келді. Себебі бұл міндет Әділет министрлігінің құзырында», - деді министр.

Айта кету керек, АҚШ басшысы қаңтар айында Twitter-ге бір күнде жариялаған жазбалардың саны бойынша өз рекордын жаңартқан болатын.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Америка, Әлем, Интернет,
Жоғары қарай