Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тректегі велоспорт: Артем Захаров әлем кубогында жүлдегер атанды

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда тректегі велоспорттан әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық Артем Захаров жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасының үздігі, Токио Олимпиадасының жолдамасынан үмітті Захаров «омниумда» бақ сынап, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл медаль Артемнің олимпиадалық рейтингтегі ұпайларын арттыруға көмектесері сөзсіз.

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінде жинаған ұпай арқылы спортшыларға Токио Олимпиадасының жолдамасы беріледі.

Артем Захаров бұған дейін кубоктік кезеңде жетінші орыннан көрінген болатын.

Бірінші орынды Жаңа Зеландия өкілі Стюарт Кэмбелл, екінші орынды австралиялық Кэмерон Майер иеленді.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай