Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Триатлон: Temiradam Training жарысының бірінші кезеңі басталды

2020 жылдың 3 маусым 2020 08:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан триатлон федерациясы TEMIRADAM Training жобасының бірінші легін бүгін ресми түрде шығарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы жаттығу жарысы Қарқаралы тас жолының бойында Қосшы ауылына дейін өтті.

Дуатлон бойынша тиісті дистанцияны, нақтылап айтқанда жүгіру бойынша 5 км, 2,5 км, веложарыс бойынша 20 км қашықтықты бағындырды. Дода барысында барлық тиісті санитарлық норманы сақтап, төрт спортшыдан қатысты.

Айта кетерлігі, триатлон федерациясы Орталық Азияны, атап айтқанда Қырғызстан мен Өзбекстанды жүріп өтетін ауқымы үлкен жарыс өткізуді жоспарлаған болатын. Шымкент-Ташкент деп аталатын триатлон жарысының бірінші кезеңі 11 сәуірде басталуы тиіс еді. Әлемдік пандемия жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізіп, кейінге шегерілді.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай