Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Троллейбус тізгінінде есінен танып қалған жүргізушінің жағдайы белгілі болды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 14:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері троллейбус тізгінінде есінен танып қалған жүргізушісінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Ер адам №7 ауруханаға жеткізілді. Тексеру кезінде оған Мэллори-Вейса синдромы қойылды. Сонымен қатар жүргізуші көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер барлық қажетті шараны жасады. Пациентті қараған нейрохирург, хирург, травматолог дәрігерлер оның ми жарақаты жоқ екендігін растады. Қазір оның жағдайы бірқалыпты ауыр. Хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,- деді қалалық Қоғам денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Оқыс оқиға кеше шамамен сағат 23:20-де болған еді. Троллейбус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай автопаркке келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып қалған. Троллейбус көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктерін соғып, тротуарға шығып кеткен және жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншігемедициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды.


Жоғары қарай