Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Туған жер: Биыл Ақтөбеде 377 жоба іске асырылды

2020 жылдың 15 қараша 2020 15:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбеде бірқатар жоба іске асырылды. Демалыс, сауықтыру, мәдени кешендері салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында биыл Ақтөбеде 377 жоба іске асырылды. Бәрі де кәсіпкер-меценаттардың қолдауымен қолданысқа берілді. Ірі жобалар қатарында Ақтөбе қаласындағы Ер Едіге ескерткіші бар. Қоғамдық қордың демеушілігімен жоба құны 40 млн теңге тұратын Ер Едіге батырдың ескерткіші және жоба құны 120 млн теңгені болатын Есет батыр Көкіұлының ескерткіші, «Тәуке хан» спорт алаңы ашылды.





«Айшықты мекен Алға ауданының Бестамақ ауылында К. Дибиталиннің демеушілігімен Ақтөбе колледжіне 213 млн теңгеге екі қабатты жаңа оқу ғимараты салынды. Алға қаласындағы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 5 млн теңгеге Есет батыр көшесінің бойына батырдың ескерткіші орнатылды. Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында кәсіпкер Қ. Қойлыбаевтың демеушілігімен «Әкелер саябағына» 4 млн 700 мың теңгеге воркаут орналастырылды. Байтақ мекен Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында «Байғанин аудандық даму және қолдау қоры» қоғамдық қорының демеушілігімен 13 млн теңгеге аудандық мәдениет үйіне көшпелі сахна қолданысқа берілді. Тарихы терең Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында ауыл кәсіпкерлерінің демеушілік көмегімен құны 10 млн теңгеге генерал-лейтенант Ж. Кереевтің ескерткіші орнатылса, өндірісті Хромтау ауданының Қызылсу ауылындағы мәдениет үйін жөндеуге «ЮжПромСнаб» ЖШС-і 15 млн теңге бөлді. Шалқар ауданы Мөңке би ауылында 1 млн 500 мың теңгеге «Мөңке би» стеласы орнатылды», - деді Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының басшысы Нұрлыхан Хасенов. Ал «Туған жер» арнайы жобасының «Туған жерге тағзым» акциясы әлі де жалғасын табуда. Ал «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында үш бағыт қамтылды. Республикалық маңызы бар киелі жерлердің тізіміне облыс бойынша 12 ескерткіш және жергілікті маңызы бар 46 ескерткіш енгізілді.





Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген 12 ескерткіш: Қобда ауданындағы Абат-Байтақ қорымы, Қобыланды батыр мемориалдық кешені, Исатай батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы, Кеңесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы, Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті, Шалқар ауданындағы Есет-Дәрібай Көтібарұлының кесенелері, Алға ауданындағы Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені, Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы, Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеорит кратері, Алға ауданындағы Әубәкір Кердерінің кесенесі, Байғанин ауданындағы Қызылүйік ғибадатханасы.





«2017 жылы Қобда ауданында орналасқан Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне реконструкция жасалып, Абат-Байтақ қорымының аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2019 жылы Темір ауданындағы Досжан ишан мешітінде консервациялау жұмыстары басталды. Биыл Ырғыз ауданындағы Алмат тамы мавзолейіне, Шалқар ауданындағы Оңалбек ата кесенесіне және Алға ауданындағы Шәкен ишан мешітіне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар мен жұмыс жобалары әзірленуде. 2018 жылы Әйтеке би мен Ырғыз аудандары аумағындағы жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар 30-дан астам ескерткіштің орналасқан орны мен жай-күйін анықтау, фотофиксация жұмыстары жүргізіліп, координаттары нақтыланды. Бұл өңірдегі ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына жататын кесене-ғибадатханалардың қатарында Нұрсейіт, Қали, Назар, Жаныс, Кепер, Алмат тамы сияқты мазарлар бар», - деді Нұрлыхан Хасенов.

Өңірде тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмысы жалғасып жатыр. Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Б.Байтанаев жетекшілік еткен археолог-ғалымдар бес жобаны жүзеге асырды. Олар облыстың Хромтау, Әйтеке би, Мұғалжар, Байғанин және Темір аудандары аумағындағы екерткіштерді анықтап, есепке алды, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 7 көне қоныстың орны, петроглифтер шоғырланған 11 жер, сондай-ақ 27 қорым анықталды. Қазба жұмыстары кезінде неолит, тас дәуірінен қалған археологиялық олжалар табылды.

«Қасиетті орындарды археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе өңірінен алғаш рет Алтын адамның қорғаны табылды. Темір ауданы Тасқопа ауылының маңынан табылған б.з.д. V ғасырда алтын бұйымдармен әшекейленген сармат көсемінің қорғанын зерттеу нәтижесінде 15 қорған анықталып, 4 қорған зерттелді. Табылған барлық заттар ҚР археология институтына зерттеуге жіберілді. Ойыл аудандық музейінің археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Берсиев округі маңындағы ерте дәуірде адамдар мекендеген «Қаздыарал» тұрағынан ерте қола дәуірі мен орта ғасыр кезеңіне жататын ескі құмыра, адам сүйектері табылды. Табылған жәдігерлерге ғылыми зерттеу жүргізілуде», - деді Нұрлыхан Хасенов.

Қазіргі кезде ескерткіштерге QR-кодтар орнатылып жатыр. QR-код арқылы негізгі мәліметтерді, орналасқан жері, тарихы, тарихи орынмен байланысты аңыз-әңгімелермен таныса алады. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында барлығы 97 ескерткішке, оның ішінде қала аумағындағы 39, аудандардағы 58 ескерткішке бірегей және жекелеген QR-код орнатылды. 2021 жылы облыс бойынша 50 ескерткішке QR-код орнату жоспарланып отыр.








Жоғары қарай